фото: Carscoops.com/Informburo.kz
Бұл идея автопилотқа негізделген көліктердің көбеюіне байланысты көтеріліп отыр.
АҚШ-тың Солтүстік Каролина мемлекеттік университетінің ғалымдары бағдаршамға ақ түсті төртінші шамды енгізу туралы бастама көтерді. Бұл туралы Carscoops.com жазды, деп хабарлады Informburo.kz.
Олардың түсіндіруінше, Америкада жүргізушісіз өздігінен жүретін, яғни автоматты түрде басқарылатын көліктер саны артып келеді. Жасанды интеллектіге негізделген транспорт құралдарының көмегімен көше қиылыстарында көлік кептелісін болдырмай, оны тиімдірек басқаруға болады.
Бағдаршамның ақ түсінің жануы – жол қозғалысын бақылауды осындай көліктер алғанын білдіреді және өзге жүргізушілер автопилотты көліктің басқаруына бағынуы тиіс. Әрине, бұл үшін автономды басқарылатын көліктер саны әлдеқайда көп болуы тиіс және олардың саны барлық транспорт құралдарының кем дегенде жартысына жетуі қажет деп есептейді ғалымдар.
Бір-бірімен жасанды интеллектінің көмегімен байланысатын көліктер бағдаршамның ақ түсі жанғанда қозғалысты өздері реттеп, көлік кептелісін тудырмайды.
Бұл жаңа идеяның мән-жайымен төмендегі видеодан танысуға болады:
Материал Informburo.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через