фото: https://pixabay.com/ru/
Жоба іске қосылғаннан кейін 230-дан астам жұмыс орны ашылады
Алматы облысында құны 344 миллион доллар болатын заманауи алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады, деп хабарлайды APK News.
Kazakh Invest ұлттық компаниясының мәліметінше жобаны Carlsberg Kazakhstan 2025-2027 жылдар аралығында жүзеге асырады.
"Жобаның алғашқы жылдарындағы жаңа нысанның қуаттылығы жылына 340 миллион литрді құрап, 230-дан астам жұмыс орнын ашады. Зауыт Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайта отырып, өңірдің тамақ өнеркәсібінің драйверіне айналады", - деп жазылған хабарламада.
Carlsberg Group 140 брендті біріктіретін және 100-ден астам елде өкілдігі бар әлемдегі ең ірі сыра қайнату компанияларының бірі саналады. Компания Қазақстанда 1998 жылдан бері жұмыс істейді және елдегі ең ірі 50 салық төлеушінің қатарына кіреді, бүкіл ел бойынша 1500-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
2008 жылдан бері компания Қазақстан экономикасына 300 миллион доллардан астам инвестиция салды. Бұл инвестиция өндіріс көлемін 30%-ға арттырды және компанияға аймақтағы жаңа нарықтарға экспортын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через