Алматы әуежайында 33 жаңа смартфонды ұрлаған ұры қолға түсті

Алматы әуежайында 33 жаңа смартфонды ұрлаған ұры қолға түсті
фото: Pexels / Tima Miroshnichenko

Бұрын сотты болған баукеспе жүк бөлімінде жұмыс істеген

Көлік полицейлері Алматы әуежайында жаңа смартфондарды ұрлау әрекетінің жолын кесті.

Байкеспе қызметтік жағдайын пайдаланып, қымбат мобильді телефондарының ұрлығымен айналысқан.

"Күдікті әуе компаниялардың бірінің жүк бөлімінде жұмыс істей жүріп, Ыстанбұлдан жүк ағынымен келетін әйгілі марканың смартфондарын жүйелі түрде ұрлап отырған", - дейді Көліктегі полиция департаменті.

Жалпы 33 мобильді телефон ұрланғаны анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 7 664 315 теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында залал толық көлемде өтелді.

Сот айыпталушы кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz