фото: pixabay.com/ru/
Ұлттық тестілеу орталығы келер жылғы ҰБТ-ның шекті балдарын жариялады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Орталықтың мәліметінше, ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Сонымен 2026 жылғы ҰБТ-ның шекті балдары төмендегідей болып белгіленді:
Математикалық сауаттылық — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
Оқу сауатталығы — 10 тапсырма, шекті балл — 3;
Қазақстан тарихы — 20 тапсырма, шекті балл — 5;
1 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5;
2 бейіндік пән — 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл — 5.
Айта кететін жайт, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және ETS білім беру және таланттарды дамыту саласындағы халықаралық ұйымы еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге арналған негізгі құралы – Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) трансформациялауға бағытталған стратегиялық әріптестікті бастайды.
Соңғы жиырма жылдан астам уақыт бойы Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түсу процесінде орталық жүйе рөлін атқарып, барлық өңірлер мен әлеуметтік топтардағы түлектерге жоғары білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп келеді. Енді ETS ұйымының білімді бағалау саласындағы жаһандық тәжірибесіне сүйене отырып, Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы жаңартылып, ол тек академиялық жетістіктерді ғана емес, өмір мен кәсіби қызметте қажет негізгі дағдыларды да бағалайтын болады.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через