фото: https://pixabay.com/ru/
Оқу жылы басталғалы бері педагогикалық қолдау орталықтары 33 мыңнан астам сабақ өткізіп, оған 1,1 миллионнан астам ата-ананы тартты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтарының 3.0 бағдарламасы жалғасып жатыр. Бағдарламаның мақсаты — саналы ата-ана болу дағдыларын дамыту және мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайту.
— Ата-ана бала өмірінің бір бөлігіне айналғанда, бала қолдау мен сенімділікті сезінеді. Осындай сенімді қарым-қатынастан эмоционалды жағынан тұрақты, бақытты бала және үйлесімді отбасы қалыптасады, — деп атап өтті «Өркен» КеАҚ президенті Елена Сакенова.
Ата-аналарға арнайы дайындықтан өткен педагогтер мен психологтар дәріс береді.
Қазақстандық шаңырақтар арасында ең көп сұранысқа ие тақырыптар — «Тәрбиелеу — жеке үлгі арқылы» және «Балалардың қауіпсіздігі — ересектердің қамқорлығы». Бұл сабақтарда ата-аналар сенімді нығайту, баламен эмоционалды байланыс орнату және тәуекелдердің алдын алу бойынша пайдалы кеңестер алады.
Сауалнама нәтижелері ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасының жақсарғанын көрсетіп отыр. Зерттеу сұрақтарына жауап берген ата-аналардың 72,6% балаларымен күнде сөйлесе бастағанын, 89,6% қиындықтарға дер кезінде жауап беріп үйренгенін, 78% баланың ортасын жақсы тани бастағанын алға тартып отыр. Әрбір екінші ата-ана тәрбиелеу тәсілін қайта қарауға дайын, ал шамамен үштен бірі балалардың оқу және мәдени дамуына белсенді қатыса бастағанын айтады.
Айта кетейік, ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтары 2023 жылы «Адал Азамат» бағдарламасы аясында елдегі барлық мектептерде іске қосылды. Орталық ата-аналарды қолдау мақсатында баланы тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған практикалық құралдарды ұсынады.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через