фото: pixabay.com
Қазір байланыс ақысы арзан емес. Жаңа жылдан кейін тағы көтерілуі мүмкін. Сала мамандарының айтуынша, бұл желіні дамыту мен жаңғыртуға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге жұмсалатын шығындардың өсуіне, доллар бағамына, жабдық бағасының өсуіне байланысты екен.
Көптеген абонент тарифтердің қымбаттап жатқанына наразы, олардың пікірінше, баға көтерілгенімен байланыс сапасы өзгеріссіз қала береді.
Дегенмен, еліміздегі ұялы байланыс операторлары келер жылы тарифтер өзгеруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады Kazinform.
Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер операторлардан 2026 жылы интернетке тарифтердің өзгеруі мүмкіндігі туралы сұрады.
— Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережелерінде тиісті норма бар, яғни онда шығындардың артуының негіздемесі ескерілген. Тарифтер электр энергиясы мен жабдықты сатып алуды қоса алғанда, оператордың бірқатар шығынын қамтиды. Егер бұл шығындар өссе, міндетті түрде тарифке әсер етеді, — деді «Қазақтелеком» компаниясының бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов.
Beeline Kazakhstan холдингінің президенті Евгений Настрадиннің айтуынша, компания бағаны жылына бір реттен артық көтермейді.
— Келер жылы ҚҚС өсімі болады. Бұл өз кезегінде салаға 35-40 миллиард теңгеге әсер ететін өте маңызды фактор. Қаңтар айында бағаны өзгертуді жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, осы жылы тариф көтерілмейді. Жалпы, өсім 15-20% шамасында болуы мүмкін, — деді Beeline Kazakhstan басшысы.
Сонымен қатар «Мобайл Телеком-Сервис» басқарма төрағасы Александр Бабичев те келер жылы тариф өзгеруі мүмкін екенін айтты.
— Тарифтердің көтерілуінің негізгі себебі — интернет қызметіне сұраныстың артуы. Бұл тұрғыда инфрақұрылым осы саланың дамуына тиісті қарқында ілесе алмай келеді. Операторлар инфрақұрылымға жылдам қарқынмен инвестициялауға мәжбүр. Бюджетті жоспарлау аясында белгілі бір драйверлерді — экономикалық және салық саласындағы өзгерістерді, инфляция деңгейін ескереміз. Сондықтан тарифтік жоспарларды түзетуді қарастырып жатырмыз. Осы орайда 15-20 пайыздық өзгеріс пысықталады, — деді компания басшысы.

Фото: pixabay.com.
Байланыс бойынша тарифі ең қымбат ел
2025 жылғы жағдай бойынша ұялы байланыс бойынша ең қымбат ел - Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), оның интернет тарифтері секундына мегабит үшін 4,31 долларды құрайды. Интернет тарифі жоғары басқа елдерге Швейцария, Кения және Марокко кіреді.
Ең қымбат интернет қай елде?
Қазіргі уақытта интернет үшін ең жоғары баға Зимбабведе тіркелген. 1 ГБ үшін $43,75. Бұл экономикалық тұрақсыздыққа, инфляцияға және инфрақұрылымның болмауына байланысты. Кейбір аймақтардағы провайдерлер мен монополиялар арасындағы шектеулі бәсекелестік те жоғары көрсеткіштерге ықпал етеді.
Екінші орында Фолкленд аралдары, бір ГБ бағасы 40,58 доллар. Ондағы қымбатшылық, ең алдымен, олардың шалғайда орналасқаны және халықтың тығыздығымен байланысты.
Үшінші ең қымбаты - Әулие Елена аралы, 1 ГБ үшін орташа баға $40,13.
Рейтингтен әрі қарай баға екі есеге төмендейді, бірақ бәрібір жоғары саналады. Оңтүстік Судан төртінші орында ($23,70), мұнда көптеген провайдерлердің желіні дамыту үшін шектеулі ресурстары бар, бұл айтарлықтай шығындарға әкеледі. Одан кейін Токелау (17,24 доллар), Йемен (15,68 доллар) және байланыс қызметіне мемлекеттік монополияға ие Түркіменстан (11,42 доллар) келеді.
Бір ГБ интернет құны ең жоғары он ел: Орталық Африка Республикасы ($10,90), Шпицберген және Ян Майен ($9,00) және Кайман аралдары (8,39 доллар).
Бұл аумақтардың барлығы нашар инфрақұрылыммен және телекоммуникация нарығындағы бәсекелестіктің төмендігімен сипатталады. Олардың көпшілігі саяси тұрақсыздықты, азаматтық қақтығыстарды және халықаралық қақтығыстарды бастан кешіп отыр.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через