Жалған инвестиция құрбанына айналмас үшін не істеу керек?

Жалған инвестиция құрбанына айналмас үшін не істеу керек?
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Supatman

"Инвестиция арқылы табысыңды екі еселе", "байлыққа жетудің ең оңай жолы" деген жарнамалар көбейді. Осындай уәделердің артында көбіне өзін "қаржы гуруы" немесе "тіркелген брокермін" деп таныстыратын алаяқтар тұрады. Ендеше, шынайы инвестиция мен фейк инвестицияның айырмасы неде? 

 

Алаяқтар қалай әрекет етеді?

Алаяқтар әдетте бір жоспар бойынша жұмыс істейді: құрбан табу → сеніміне кіру → жалған сайт арқылы деректер жинау → ақша аударту → байланыс үзу. Мұндай жоспарды іске асыру үшін ең жиі қолданатын төрт тәсілі бар:

Шұғыл шешім қабылдату. “Бүгін ғана осындай мүмкіндік бар” деп ойлануға уақыт бермей, эмоцияға беріліп, тез әрекет етуге итермелейді.

Жылдам әрі оңай пайда табуға уәде беру. "Бір аптада бай боласың" деген сияқты уәделермен сендіреді.

Бренд пен танымал тұлғаның атын пайдалану. Белгілі компания немесе адамның атын жамылып, фотосын қолданып, сенім ұялатады.

Жалған табыс көрсету. Алғашқыда аз соманың пайдасын қолдан жасап, одан көп ақша салуға итермелейді.

Шоты бұғатталды деп қорқыту. Брокерлік шоты барларға “Брокерлік шотыңыз санкцияға ілікті, ашып береміз” деп комиссия ретінде ақша талап етеді.

Алаяқтарды қалай тануға болады?

Алаяқтардың айласы туралы неғұрлым көп білсеңіз, соғұрлым өзіңізді қорғай аласыз. Дегенмен оған қоса оларды кейбір әрекетінен алдын ала тануға да болады. Мұндай “қызыл жалауша белгілер” көбіне алаяқтардың бәріне ортақ. 

https://stan.kz/