Жалға пәтер беріп, салық төлемей жүрсіз бе? Меморгандар сізді қалай тауып алатыны айтылды

Жалға пәтер беріп, салық төлемей жүрсіз бе? Меморгандар сізді қалай тауып алатыны айтылды
фото: https://pixabay.com/ru/users/legacyatjonesfarm

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтан пәтерлерін жалға беріп, салық төлемейтін қазақстандықтар қалай "көлеңкеден шығарылатыны" сұралды.

Шенеуніктің айтуынша, Қаржы министрлігі экономиканың бұл секторын заңды алаңға шығару бағытында жұмыс істеп жатыр. Ол үшін түрлі жеңілдетілген салық режимдері енгізіліп жатыр. Соның ішінде салық төлеушілер тіркеусіз жұмыс істеп, жылына бір рет декларация тапсыра алатын арнайы салық режимі болады.

"Біз камералдық бақылау жүргіземіз, деректерді салыстырамыз. Егер жеке тұлғаның 10 пәтері болып, өзі тек біреуінде тұрса, қалған 9 пәтер, шартты түрде, жалға беріліп жатуы мүмкін. Біз бұл мәселелерді ПИК және учаскелік инспекторлармен бірлесе бақылап отырамыз. Сондай-ақ, осы 10 пәтердің иесі ай сайын, мысалы, мобильді аударымдар арқылы төлемдер алып отырса, оған қатысты сұрақтар туындайды", – деді Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында.

Анықтама: Камералдық бақылау – бұл салық органдарының басқа дереккөздер мен салық декларациялары негізінде деректерді қашықтан салыстыруы. Егер заңбұзушылық анықталса, хабарлама жіберіледі.

https://kaz.tengrinews.kz/