фото: https://pixabay.com/ru/
Түркістан облысында еттартқыш шайнап тастаған 1 жарым жасар баланың қолын дәрігерлер кесіп тастады.
Түркістан облысында дәрігерлер 1 жасар баланың қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болды. Себебі бала абайсызда оң қолын еттартқышқа салып алған.
Оқиға Төле би ауданы Көксәйек ауылында болған. Дәрігерлер оның бір өлімнен аман қалғанын айтады. Көп қан жоғалтқан бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.
"Үйінде ата-анасы банка жауып жатқан кезде бала қолын еттартқышқа тығып алып, шайналып кеткен. Жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасап, балаға көмек көрсеттік. Қолын төменгі білекке дейін шайнап кеткен", - дейді травматолог дәрігер Ержан Шәріпов.
Дәрігерлердің айтуынша, бала жансақтау бөлімінен шығарылған, жағдайы орташа ауыр. Ота кезінде баланың оң қолын білегіне дейін кесіп алып тастауға мәжбүр болған.
Дерек көзі: https://kyn.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через