фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Лимада (Перу) дзюдодан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде 57 келіде ел намысын қорғаған Дана Әбдірова күміс жүлдеге қол жеткізді.
Отандасымыз алғашқы айналымда Халықаралық дзюдо федерациясының атынан сынға түскен (IJF) Эльвира Гурьевадан айласын асырды. 1/8 финалда Польша елінің өкілі Коралина Сиенниканы жарыс жолынан шығарды. Ширек финалда жапониялық Уено Асуканы, жартылай финалда Андраде Жованы тізек бүктірді.
Ақтық сында тағы бір жапон қызы Мио Ширакамен алтын жүлдені сарапқа салды. Алайда отандысымыз Мио Ширакаға есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты. Осылайша ел қоржынына алғашқы жүлде түсті.
Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатына 65 елден 463 жас татами шеберлері өз ара мықтыны анықтауда. Айтулы дода 7 қазанға дейін жалғасады.
https://stan.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через