фото: ҚТЖ
Жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді
Stadler Kazakhstan вагондары Қазақстан темір жолдарында сынақтан өтіп жатыр.
Астанадағы "Штадлер Қазақстан" зауытында өндірілген жаңа жолаушылар вагондары 10 000 шақырымнан астам сертификациялық сынақ жолдарын сәтті еңсерді.
Тестілік жүрістер еліміздің әртүрлі теміржол учаскелерінде өтіп жатыр.
"Заманауи вагондар Қарағанды, Тараз, Шымкент және Өскемен бағыттарында сынақтан өткізілді. Тексеру барысында жаңа вагондар тежеу жүйесінің сенімділігін, жүріс бөлігінің орнықтылығын және қауіпсіздік жүйелерінің тұрақтылығын көрсетті. Жаңа вагондардың басты артықшылықтары – жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған заманауи инженерлік шешімдер мен ойластырылған эргономика", - дейді ҚТЖ баспасөз қызметі.
Әр купеде жеке климат-бақылау жүйесі, розеткалар мен USB-порттар, жолсерікті шақыру батырмасы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тактильді белгілер қарастырылған. Вагондар тіпті күрделі климаттық жағдайларда да пайдалануға бейімделген. Олардың қызмет ету мерзімі – 40 жыл.
"2025 жылдың соңына дейін зауыт Ұлттық тасымалдаушыға алғашқы партияны тапсырады. Оның құрамына купейлік, плацкарттық, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы вагондар және генераторлық вагондар кіреді. Сонымен қатар, Stadler жылжымалы құрамға 20 жыл бойы сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді", - делінген хабарламада.
Жалпы, 2030 жылға дейін 557 жаңа вагон пайдалануға беріліп, компанияның вагон паркі 100%-ға жаңартылады деп күтілуде.
Дерек көзі:https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через