фото: pixabay.com
Елдегі ең басты айтулы күн – 25-ші қазанда аталып өтіледі. Осыған орай бұл күні демалыс жарияланған, деп жазады qaz-media.kz.
Республика күні 13 жылдан кейін 2022 жылдан бастап қайта тойлана бастады. Осыған байланысты 25 қазан жұмыс аптасы бес күнді құрайтын азаматтар үш күн қатарынан демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс 25 қазан жұма күні болады. Сенбі 26-сы жұмыс күні және 27 демалыс күні болады.
Жалпы қазан айында мынадай айтулы даталар мен мерекелер бар.
1 қазан – Қарттар күні. Радио күні;
5 қазан – Мұғалімдер күні;
6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;
10 қазан – Қазақстанның Кәсіптік одақтар күні;
16 қазан – Нан күні;
19 қазан – Құтқарушылар күні;
Қазан айының үшінші жексенбісі – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;
24 қазан – Кітапханашылар күні;
Қазанның соңғы жексенбісі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;
29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через