фото: https://ulyssport.kz/news/4350-dastan-satpaev-vyletel-v-dokhu-dlia-meditsinskoi-proverki/
Дастан Сәтпаев Қатарда қосымша медициналық тексеруден өтеді.
«Қайрат» футбол клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев дәрігерлердің ұсынысымен Қатар астанасы Дохаға қосымша медициналық тексеруден өту үшін аттанады. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады.
– Бүгін түнде ол дәрігерлік кеңестің негізінде қосымша тексерілу мақсатында Дохаға жол жүреді, – делінген ресми хабарламада.
Аталған жағдайға байланысты Сәтпаев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Лихтенштейн мен Солтүстік Македонияға қарсы кездесулерге қатыса алмайды. Жарақатына байланысты ол ұлттық құраманың бұл ойындарынан шет қалды.
Дастан Сәтпаев 2007 жылдың 12 тамызында Алматы қаласында дүниеге келген. 2024 жылдан бастап «Қайрат» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында 24 матчқа қатысып, 12 голдың авторы атанған.
Ұлттық құрамадағы дебюттік кездесуін ол 2025 жылдың 19 наурызында Кюрасао құрамасына қарсы өткізді.
Айта кету керек, биылғы ақпанда Сәтпаев Англияның әйгілі «Челси» (Лондон) клубымен трансферлік келісімге келген болатын. Жас ойыншы 18 жасқа толған соң лондондық клуб сапына қосылады деп күтілуде.
Standard.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через