фото: https://pixabay.com/ru/users/akhyarani
Диетолог Реме Наварро сол жақ бүйірмен ұйықтауға кеңес берді.
Маманның айтуынша, сол жақ бүйірмен жатқан кезде ас қорыту жүйесі тиімді жұмыс істейді. Оның үстіне тамақ асқазаннан ішекке қарай жеңіл өтеді. Сонымен қатар, бұл қалып бауырдың жұмысын жақсартады.
“Сол жақ бүйірмен жатқанда жүрекке қан айдау оңайырақ болады. Себебі төменгі аяқтардан жүрекке қан таситын негізгі вена дененің оң жағында орналасқан. Сол жаққа жатып ұйықтау оған түсетін қысымды азайтады, яғни қан айналымын жеңілдетеді”, – деді дәрігер.
Сондай-ақ бұл қалып асқазандағы қыжылды азайтуға көмектеседі. Ал жүкті әйелдер үшін сол жақ бүйірмен ұйықтау ерекше пайдалы. Ол плацентадағы қан айналымды жақсартып, бауыр мен бүйрекке түсетін қысымды азайтады.
https://stan.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через