Лувр басшылығы мұражай тоналғаннан кейін қалған құнды жәдігерлерді Франция Банкі қоймасына көшірді

Лувр басшылығы мұражай тоналғаннан кейін қалған құнды жәдігерлерді Франция Банкі қоймасына көшірді
фото: https://qazaqtimes.com

     Парижде болған тонаудан кейін, қылмыскерлер небәрі бірнеше минут ішінде Луврдан шамамен 88 миллион еуро тұратын асыл тастар мен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен соң, музей басшылығы қалған құндылықтарды қауіпсіз жерге жасырды.

     RTL және BFMTV мәліметінше, коллекцияның бір бөлігі соның ішінде Аполлон галереясындағы тәж әшекейлері полиция күзетімен Франция Банкінің жер астындағы қоймасына жеткізілген.

Қойма жерден 26 метр тереңдікте орналасқан және онда елдің алтын қорының шамамен 90%-ы сақталады.

     Мұндай шешім бұған дейін болмаған ерекше шара деп бағаланды. Сол қоймада қазірдің өзінде Леонардо да Винчидің әйгілі жазба дәптерлері сақталған, олардың құны 600 миллион еуродан асады. Ал зергерлік бұйымдардың нақты қаншасы көшірілгені әзірге белгісіз.

     Еске салайық, оқиға 20 қазан күні таңертең, сағат 09:30 шамасында болған. Libération газетінің мәліметінше, төрт қаруланған және бетперде киген қарақшы бейнебақылау қамтымайтын “өлі аймақ” арқылы Луврға әйнек есіктен кіріп, бірнеше минуттыңта шыныкескіш пен бензопила көмегімен витриналарды бұзып, ұрланған заттармен мотороллерлерге мініп қашып кеткен.

     Бұл жағдай музейдің қауіпсіздік жүйесіне қатысты үлкен сын тудырды. Ұзындығы 1,3 километр болатын сыртқы периметрде бар болғаны бес камера жұмыс істеген, оның да кейбірі істен шыққан болып шықты. Күдіктілер әлі ұсталған жоқ. 

     Франция полициясы Израильден арнайы сарапшыларды шақырып, Лувр қызметкерлерінің бірінің бұл іске қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

     https://stan.kz/