фото: pixabay.com
Қазір Масктің жиған-тергені Ларри Эллисонның дәулетімен салыстырғанда 150 миллиард доллардан артты және әлемдегі алғашқы триллионер атануға үміткер, деп жазды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Forbes дерегінше, 1 қазандағы сауда қорытындысы бойынша Масктың капиталы 500 млрд долларға жеткен. Кейін көрсеткіш сәл төмендеп, 499,1–499,5 млрд доллар аралығында бағаланды. Тек Tesla акцияларының бір күнде 4 пайызға өсуі бизнесменнің байлығын 9,3 млрд долларға арттырған.
ixbt.com жазғанындай, Tesla акциялары Масктың байлығының тез өсуіне айтарлықтай үлес қосты. 01 қазан, сәрсенбі күні автоөндірушінің акциялары шамамен 4%-ға өсіп, Масктың таза табысына шамамен 9,3 миллиард доллар қосты.
Маск Tesla-ның сәуірдегі табысы туралы мәліметтен кейін компанияға көбірек уақыт бөлетінін жариялағаннан бері компания акцияларының бағасы екі есеге жуық өсті. Tesla-ның нарықтық капитализациясы тағы да өзінің ең жоғары деңгейіне жақындады және Масктың компаниядағы 12% үлесі қазір 191 миллиард долларға бағаланып отыр.
Дегенмен, Масктың орасан байлығын арттырған тек Tesla емес. SpaceX қазір 400 миллиард долларға өсті, бұл өткен жылдың желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 50 миллиард долларға көп. Илон Маск SpaceX акцияларының шамамен 42%, құны 168 миллиард долларды құрайды.

Фото: pixabay.com.
Forbes-тың ең бай адамдар рейтингінде Маск алғаш рет 2021 жылы Amazon негізін қалаушы Джефф Безосты басып озған еді. Ол кезде кәсіпкердің дәулеті 271,3 млрд доллар деп бағаланған. Содан бері ол бірнеше рет рейтингтегі көшбасшылықты жоғалтып, қайта қайтарып отырды, деп жазды kaz.inform.kz.
Миллиардерлер рейтингінде Маск бірінші орында тұр. Екінші орында – Oracle компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Ларри Эллисон ($351,6 млрд), үшінші орында – Meta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг ($246,1 млрд). Сондай-ақ тізімде Amazon негізін қалаушы Джефф Безос ($233,2 млрд) пен Google негізін қалаушы Ларри Пейдж ($204,6 млрд) бар.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через