фото: pixabay.com
Министрлікте Trust Education Company компаниясының өкілі, TrustExam.ai инновациялық платформасының әзірлеушісі Нұрәли Сарбақышпен кездесу өтті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Кездесуде тараптар ынтымақтастықты дамыту және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою жөнінде ортақ ниет білдірді.
Фото: ІІМ
Ішкі істер министрлігі мен Trust Education Company арасындағы әріптестік кадрларды іріктеу жүйесіне интеллектуалды технологияларды енгізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, процестің ашықтығын, тиімділігін және сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, елордада Еуразиядағы ірі стартап байқауы — Astana Hub Battle 2025 финалы өтті. Әділ қазы алқасында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров және басқа да сарапшылар болды.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через