фото: egemen.kz
Ұлттық статистика бюросы ұсынған ақпаратқа сәйкес елімізде Қазақстан есімді 28 азамат тұрады.
Ведомство атап өткендей, олардың көпшілігі Қарағанды облысында (7 адам) және Ақмола облысында (6 адам) екені анықталды.
— Қостанай облысы мен Астанада — әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында — әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында — бір-бір азаматтан тұрады. 28 адамның ішінде тек бір әйелдің есімі ғана Қазақстан, — делінген хабарламада.
Статистикалық деректер бойынша ең қарт Қазақстан 92 жаста, ең жасы 25-те екені нақтыланды.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через