Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті

Джеки Чан Қазақстанда түсірілетін фильмнің режиссерін бекітті
фото: megogo.net

Әйгілі «Құдіретті сауыт» («Armour of God») франшизасының төртінші бөлімі 2026 жылы көктемде Қазақстанда түсіріледі, деп жазды kaz.inform.kz.

Қазақстандық медиакомпаниялардың парақшасында жарияланған ақпаратта Джеки Чан «Құдіретті сауыт: Ультиматум» фильміне режиссер ретінде Роберт Кунды өзі бекіткені айтылған.

— Роберт Кунның есімі әлемдік кино индустриясында бұрыннан белгілі. Ол Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox студияларының экшн-сахналарын қойған. Сондай-ақ «Wanted», «He Is a Dragon», «Abraham Lincoln: Vampire Hunter», «Major Grom: The Game» және басқа да танымал фильмдердің түсіріліміне қатысқан. Түсірілім 2026 жылы көктемде басталады, — делінген жазбада.

Salem Entertainment медиа-компаниясы Instagram парақшасында хабарлағандай, Джеки Чан каскадёр, жекпе-жек хореографы мен режиссерді өзі таңдады. Ол - Роберт Кун.

Роберт Кун – әйгілі халықаралық жобаларда жұмыс істейтін қазақстандық режиссерлердің бірі. Ол Disney, Paramount, Universal және 20th Century Fox үшін экшн-сценалар түсірді.

Ол сонымен қатар Майор Гром: Игра", "Особо опасен", "Он – дракон", "Президент Линкольн: Охотник на вампиров" және басқа да көптеген фильмдерді шығаруға қатысқан.

"Бірақ бізге сеніңіз – сізді керемет нәрсе күтіп тұр. Жаңалықтарды күтіңіз, ең қызықты нәрселер әлі алда!" деп қосты Salem Entertainment.