фото: ru.wikipedia.org
Ақтауда «Қорқыт ата» кинофестивалі өтіп жатыр. Шараға Түркия, Мажарстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түрікменстан елдерінен, сондай-ақ Қазақстанның режиссерлары мен атақты актерлары қатысуда. Олардың арасында әлемге танымал түрік актері Бурак Озчивит те бар, деп жазды qazaqstan.tv.
Фестиваль аясында түркі елдері фильмдері көрсетіліп, кинематографиялық саммит, кино саласының майталмандарымен шығармашылық кездесулер және аймақтың көрікті жерлеріне сапар ұйымдастырылады. «Үздік көркем фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік актриса», «Үздік актер» номинациялары бойынша марапат табысталады.
Бурак Озчивит, түрік актері:
Ақтауға алғаш келуім. «Қорқыт ата» фестиваліне шақырғанда, бірден келістім. Себебі, біз бауырлас халықпыз. Мәдени байланысты арттыруға ниеттіміз. Маңғыстау халқының ерекше ыстық ықыласына бөленіп жатырмыз.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через