фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Chernetskaya
Алматыда жылу қашан қосылады? Бұл сауалға Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жауап берді.
Басқарманың мәліметіне сүйенсек, бес күн бойы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан төмен болған кезде жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылданады.
Бірінші кезекте балабақшаларға, мектептерге, емханаларға, кәсіптік мектептерге және медициналық-әлеуметтік ұйымдарға жылу беріледі.
Кейін тұрғын үйлерде, жатақханаларда және қонақ үйлерде жылу қосылады. Содан соң әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар және басқа да нысандар қосылады.
Ақпарат дереккөзі: https://kaz.tengrinews.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через