фото: pixabay.com
Қызанақ емес, қызыл бояу. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба жұрттың зәресін ұшырды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Юлия Елемесова есімді желі қолданушысы дүкеннен алған қызанақты жуған сәтте қолына қызыл бояу жағылған. Мұндайды күтпеген келіншек өз парақшасында сауда желісінің парақшасын белгілеп, "өміріме жарқын бояу қосқыларыңыз келген бе?" деп жазған. Сондай-ақ, келіншек мұндай жағдай бұған дейін де бірнеше рет қайталанғанын айтады.
Ал танымал супермаркеттің басшылығы аталған мәселе жөнінде ешқандай пікір білдірмеді. Десе де, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері азаматтар өз құқығын қорғау үшін шағым түсіру керектігін жеткізді.
"Е-өтініш арқылы әр азамат өз өтінішін жолдай алады. Өтініші мен тауардың чегін жібереді. Өтінішті қабылдаған соң біз жоспардан тыс тексеру деген бар ғой. Сол жоспардан тыс тексеру 144 бабына сай 5 -тармақ бар. Соған сай тексеру жүргізіледі", – деді Алматы қаласының СЭБД бөлім басшысы Назира Смағұлова.
Сондай-ақ, мамандар дүкен сөрелеріндегі тауарлар үнемі бақылауда деп сендірді. Жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізіп, өнімдерді арнайы сатып аламыз дейді. Сосын қажетті сараптама жүргізіліп, сапасы сын көтермей, талаптарға сай келмейтін заттар қолданыстан шығарылады екен. Ал ондай тауарларды сатқан сауда орны жауапқа тартылады.
Мамандар тұтынушыларды сапасыз өнімге көз жұмбай, өз құқығын қорғауға шақырады.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через