фото: pixabay.com
Қазақстанда автобус, микроавтобус, метро тарифтері көтеріліп жатыр, ал басқа елдер тек жергілікті тұрғындарға ғана емес, туристерге де тегін маршруттар ұсынады.
Біз ұсынып отырған төмендегі қалаларда кейбір бағыттарда жол жүру ақысы алынбайды:
Дюнкерк, Франция
Мельбурн, Австралия
Манчестер, Великобритания
Акюрейри, Исландия
Женева, Швейцария
Веленье, Словения
Ливиньо, Италия
Куала-Лумпур, Малайзия
Майами и Майами-Бич, США
Енді алматылықтар да автобуспен тегін жүруі мүмкін. Яғни, экономистер қалалықтар қоғамдық көлікке қалағанынша мінсін, ал шығынын мемлекет көтерсін дейді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Фото: pixabay.com.
Сарапшылар сөзінше, жылда миллиардтаған субсидия бөлетін әкімдік бұдан қиналып қалмайды. Халықтың 120 теңгесісіз-ақ автобустарды жөндеуге, бензині мен газын құюға қаржы жетеді дейді.
Ақысын 500 теңгеге көтеру туралы ұсыныс айтылғалы қоғамда қызу талқыға түскен автобусты енді тегін қылсын дейді сарапшылар. Экономистердің есебінше, мемлекеттің субсидиясы қоғамдық көліктердің шығынын жауып қана қоймай, артылып та қалып жатыр. Сол себепті олар тарифті 0 теңгеге түсіруді ұсынады.
Мәселен Алматы әкімдігі былтыр бөлген 100 миллиард теңге қаладағы әрбір тұрғынға шаққанда 50 мың теңгеден келеді.
Субсидияның өзі-ақ 2 жарым мың автобустың шығынын жабады дейді "Атамекен" палатасының өкілі Максим Барышев. Ал экономист Ерлан Кәрімовтің айтуынша, халық өтейтін шығынды да мемлекет өз мойнына ала алады.
"Ал ол қосымша шығынды вип-нөмірлердің бағасын көтеру, көліктің терезесін ақылы түрде қараңғылауға рұқсат беру немесе утиль алымнан түскен қаражатты тікелей автобусқа субсидия ретінде бағыттау арқылы толтыруға болады. Автобус күніне мың жолаушы тасыса да шығынын ақтайды", – деді экономист Ерлан Кәрімов.
Ал авто сарапшы Әрсен Шакуовтың пікірінше, жолаушылар тегін жүру үшін автобус парктерінің бәрі 100 пайыз мемлекет меншігіне өту керек. Ал бұл әзірге мүмкін емес дейді.
"Авто парктер қазір жекеменшік. Ал шығынның бәрін мемлекет алса қаржы есепсіз жұмсалады. Халықтан салықпен жиналған ақша кәсіпкерлердің қалтасына кетеді. Негізі жолақы 200-250 теңге болуға тиіс", – деді "ЖАЛПЫ ЖОЛ" жол қауіпсіздігі қауымдастығының президенті Әрсен Шакуов.
Ал автобус ақысына қатысты халықтың ойы әртүрлі. Жолақыны көтеру әкімдіктің әзірге жоспарында жоқ. Тегін қылмайтыны да анық.
Айта кетсек, бүгінде Алматыда 2900-ден астам автобус бар.
Тұрғындары жолақысын мүлдем төлемейтін ел
Люксембург - тұрғындар мен қонақтар қоғамдық көліктің кез-келген түріне тегін жүруді ұйымдастырған әлемдегі жалғыз ел. 2020 жылдың 1 наурызында күшіне енген бұл жүйе жергілікті тұрғындар мен туристер үшін пойыздарды, трамвайларды және автобустарды қамтиды. Ел билігі көшедегі кептеліс пен зиянды шығарындыларды азайту үшін осындай қадамға барып отыр.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі кейбір муниципалитеттерде (қалаларда) тегін (Таллин, Белград) немесе ішінара тегін көлік бар.
Time Out сарапшылары 50 елден 18 500 адамнан сауалнама жүргізгеннен кейін ең жақсы қоғамдық көліктері бар қалаларды анықтады. Тізімнің басында Гонконг тұр.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через