фото: pixabay.com
Алматыда мектептердегі орын тапшылығы екі есе азаяды. Қалада жыл соңына дейін 21 жаңа мектеп салынады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков айтты, деп хабарлайды kaz.inform.kz.
– Қазір Алматыда 349 мектеп бар, онда 354 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Халық саны жыл сайын 12-14 мың адамға өсіп жатқандықтан 33 мыңнан астам оқушы орны жетіспейді. Қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде биыл бұл тапшылық 16 500 орынға дейін азаяды, - деді Қалдыбеков.
Алматыда «Келешек мектептері» жобасы да үлкен қарқынмен ісе аса бастады. Бүгінгі таңда жалпы сыйымдылығы 34,8 мың оқушы орнын қамтитын 21 мектеп салынып жатыр.
Жоба аясында 12 600 орындық 8 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қазан айының соңына дейін тағы 10 500 орындық 5 мектеп ашылмақ. Сонымен қатар жеке инвестициялар есебінен «сатып алу» тетігі арқылы салынған 11 700 орындық 8 мектеп биыл пайдалануға беріледі.
– Бұдан бөлек, 2025 жылдың соңына дейін 550 орындық бір мектепті ашып, жалпы сыйымдылығы 2 100 орынды 2 мектепті сатып алып, 6 мектепке жапсаржайлар салу жоспарланған. Бұл қосымша 1 795 орын береді, – деді қала әкімінің орынбасары.
Қалада сонымен қатар 31 мектептің тізімі бекітілген «2025-2027 жылдарға арналған 1300 мектепті жаңалау» жобасы іске асырылып жатыр. Биыл 15 мектепте жөндеу-қайта жаңарту жұмыстары жоспарланған, олардың алтауында (№160, 73, 60, 50, 30 және 124) құрылыс жұмыстары басталып кетті. Келер жылы тағы 9 мектеп, 2027 жылы 7 білім беру нысаны жаңартылады.
Жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мектептердің жалпы сыйымдылығын шамамен 5 мың орынға арттырып, ғимараттардың сейсмотұрақтылығын күшейтіледі.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через