Алматы қаласына жаңа мәртебе берілді

Алматы қаласына жаңа мәртебе берілді
фото: Алматы қалалық туризм басқармасы https://kaz.inform.kz/

        Алматы қаласына World Craft City – дүниежүзілік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды.

       Бұл шешімді Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі (World Crafts Council) қабылдады. Олар Алматының мәдени мұраны сақтаудағы, қолөнерді дамыту мен креативті экономиканы қолдаудағы үлесін алға тартты.

       Салтанатты рәсім Алматыда ұйымдастырылған ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында өтті. Фестивальге Қазақстан, Азия, Еуропа, Австралия және АҚШ елдерінен 100-ден астам шебер қатысты.

       2025 жылдың алғашқы жартысында Алматыға 1,14 миллионнан астам турист келді. Оның - 323,5 мыңы шетелдік мейман.