Жыл басынан бері 44 адамды пойыз басып кеткен

Жыл басынан бері 44 адамды пойыз басып кеткен
фото: Баспасөз қызметі

Зардап шеккендер арасында ересектердің қарауынсыз жолда қалған 1,5 жас пен 4 жас аралығындағы төрт бала бар

Темір жол бойында 8 айда 27 адам ажал құшты, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.

ҚТЖ мәліметінше, жыл басынан бері 44 адамды пойыз басып кеткен. Оның 27-сі көз жұмды.

Құқық бұзушылар:

39%-і мас күйінде;

36%-і белгіленбеген жерден өткен немесе құлаққапта болған;

14%-і вагон астымен жолдан өтпекші болған;

11%-і – суицидтік жағдайлар.

Зардап шеккендер арасында ересектердің қарауынсыз жолда қалған 1,5 жас пен 4 жас аралығындағы төрт бала бар.

Десе де, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда адам басу саны 29%-ке төмендепті.

"8 айдың ішінде локомотив бригадаларының кәсіпқойлығы арқасында 77 астам жол апатының алды алынды. Жалпы, соңғы бес жылда теміржол өткелдерінде 124 жол апаты тіркелді, биыл 8 айында 16 оқиға болды", - дейді компания.

Жол апатына жүргізушілердің асығуы және олардың жол жүру ережелерін сақтамауы себеп.

ҚазАқпарат