фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Miljan
Қала тұрмақ, ауыл аймақта электрлі самокаттар қаптады. Бұл көлікті жалға алатындардың дені – оң-солын тани қоймаған жеткіншек. Биыл осы самокаттардың кесірінен 21 жол апаты болған. 23 адам жарақат алған. Былтыр 15 жол апаты болып, бір адам опат болған еді.
Иә, адам опат болып жатыр. Бұдан кейінде самокатты жол үстіне көлденең тастап кете беретіндер көбеймесе, азаймасы тағы анық. Не істемек керек? Апат бола қалса, айыппұлды кім төлейді? Самокатты жалға алушы ма, жалға беруші ме?
Жүйткіген самокат, желіккен бозбала. Қала көшелерінде жүргіншінің зәресін алып, жұртты баса-көктеп өте шығатындар көп. Өте шықса жақсы, мүлт кетіп соғылса қиын. Салмақты самокат бала тұрмақ, үлкенді мертіктіруі мүмкін. Одан қалды самокатты жол ортасына тастап кететіндер көп.
Қала бойынша самокаттар үшін арнайы белгіленген 2000-ға жуық тұрақ бар. Яғни кез келген жерге тастай салуға болмайды. Радиусы 10 метрді құрайтын тұрақтар адамдар көп жүретін жерлерге қойылған.
Электросамокаттар тебу – жай ғана қозғалыс емес, жауапкершілікті талап ететін әрекет. Қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда заң бойынша әкімшілік жауапкершілік бар. Егер самокат жол-көлік оқиғасына себеп болса, айыппұл көлемі де артады.
Электросамокат жүргізушісі жол ережесін бұзса – 2 айлық, ал жол апатына себепші болса, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Бірақ көшеде тұрған бұл көлік түрін ақысын төлеген кез келген адам теуіп кете беретінін ескерсек, қауіп азаймайтын түрі бар.
https://24.kz/kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через