фото: istockphoto.com
Стоматолог дәрігерлердің айтуынша, кофе, шай және шарапты шамадан тыс тұтыну салдарынан тіс сарғайып кетуі мүмкін екен. Маманның сөзінше, бұған кейбір дәрі-дәрмектерді ішу немесе темекі шегу де ықпал етуі мүмкін.
"Темекідегі никотин мен шайыр тіс кіреукесінің сарғыш немесе сұр реңкке енуіне әсер етеді. Темекі түтіні ауыз қуысының әртүрлі аурулары пайда болуына ықпал етуі мүмкін, бұл тістің жай-күйін одан әрі нашарлатады. Ал ағартатын әдістерді дұрыс қолданбау тіс кіреукесіне химиялық зақым келтіруі, бұл да өз кезегінде тістің қараюына әкеп соғуы мүмкін", - дейді дәрігерлер.
Тіс кіреукесінің сарғаюы ауыз қуысын дұрыс тазаламаудың салдары болуы да мүмкін.
"Тісіңізді күніне кемінде екі рет тазаламасаңыз, тіс кіреукесі сарғайып қана қоймай, стоматологиялық проблемалар пайда болады".
Сондай-ақ тіс кіреукесінің түсіне бауыр мен бүйрек аурулары, сондай-ақ, фтордан жасалған тіс пасталарын пайдалану әсер етуі мүмкін.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через