фото: pixabay.com
Техникалық регламент дегеніміз не? Бұл құжаттың тұтынушыға қандай қатысы бар? Халықтың қауіпсііздігін қорғайтын қауқары бар ма? «Сапалы Қазақстан» ақпараттық-сараптама порталының тілшісі бұл сұрақты Алматы қаласы Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдаған еді.
Сұрағымызға Алматы қаласы Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы Исембаева Асима Бақытжанқызы және осы басқарманың санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бастығы Садықова Урзада Илесбайқызы және жетекші маман Жангисиева Сымбат Бекенқызы жауап қайтарыпты.
- Техникалық регламент - бұл өнімдерге, қызметтерге және өндіріс процестеріне қойылатын міндетті талаптарды анықтайтын негізгі құжат. Ол Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы мен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) келісімдері негізінде қабылданады. Техникалық регламенттің басты мақсаты - халықтың денсаулығын, өмірі мен қауіпсіздігін қорғау, қоршаған ортаны сақтау және нарықтағы тауарлардың сапасын қамтамасыз ету. Техникалық регламенттің ерекшелігі - оның міндеттілігі. Яғни кез келген өнім өндіруші, импорттаушы немесе сатушы осы талаптарды орындауға міндетті, деп жазды Асима Бақытжанқызы.
Мамандардың айтуынша, тағам өнімдеріне арналған техникалық регламентте адамның денсаулығына зиян келтірмеу үшін нақты нормалар көрсетіледі екен.
- Өнімнің құрамы, қаптамасы, таңбалануы, сақтау және тасымалдау шарттары толықтай ережелерде белгіленеді. Мысалы, тағам өнімдеріне арналған техникалық регламентте адамның денсаулығына зиян келтірмеу үшін нақты нормалар көрсетілген. Техникалық регламент тек тағамға ғана емес, әр түрлі тауарларға қолданылады. Мәселен, балаларға арналған ойыншықтарда улы немесе қауіпті материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Сол сияқты тұрмыстық техника, парфюмерлік-косметикалық өнімдер,құрылыс материалдары үшін де арнайы техникалық регламенттер бар. Бұл талаптарсыз кез келген өнімді өндіруге немесе сатуға болмайды, дейді Урзада Илесбайқызы .
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер бірыңғай техникалық регламент қабылдап, оны барлық мемлекет үшін міндетті етеді. Бұл қадам тауарлардың еркін қозғалуына жағдай жасайды. Яғни, Қазақстанда шығарылған өнім Ресейде, Қырғызстанда, Беларусьте және Арменияда қосымша тексерусіз сатыла алады, деп мәәлімдеді мамандар.
- Мұндай ортақ талаптар ішкі нарықтағы әділ бәсекені қалыптастыруға және сапасыз тауарлардың таралуына жол бермеуге көмектеседі. Техникалық регламент кәсіпорындар үшін де үлкен мәнге ие. Өндірушілер осы талаптарды орындау арқылы өнімнің сапасын арттырады, тұтынушылардың сеніміне ие болады және экспортқа шығу мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар, бұл құжат өндірістегі жаңа технологияларды енгізуге итермелейді. Заманауи талаптарға сай болу үшін зауыттар өндірістік желілерін жаңартып, сапаны бақылаудың тиімді тәсілдерін қолдануға мәжбүр болады, деп жауап қайтарды Сымбат Бекенқызы.
Қазақстан Республикасында техникалық регламенттердің сақталуын қадағалайтын мемлекеттік органдар бар. Олар өнімнің сапасына тексеру жүргізіп,талапқа сәйкес келмейтін тауарларды сатылымнан алып тастайды. Егер заңбұзушылық анықталса,кәсіпкерлерге айыппұл салынып, кейде өнімді өндіруге тыйым салынады. Бұл халықты сапасыз әрі қауіпті тауарлардан қорғаудың негізгі тетігі болып табылады.
Техникалық регламенттің тағы бір артылықшығы - ол халықаралық деңгейде мойындалған жүйеге жақындайды. Стандарттар мен нормалар біріздендірілгендіктен, қазақстандық өнімдер шетелдік нарықта бәсекеге қабілетті бола түседі. Бұл ел экономикасын нығайтуға және кәсіпорындардың дамуына оң ықпал етеді.
Қорытындылай келе, техникалық регламент - тек құжат емес, ол халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, тұтынушылардың мүддесін қорғайтын және өндірушілердің сапалы өнім шығаруға бағыттайтын маңызды жүйе. Оның талаптарын сақтау – әр кәсіпкердің міндеті, ал тұтынушы үшін сенімділік пен сапаның кепілі. Демек, техникалық регламент - мемлекет, кәсіпкер және халық арасындағы өзара жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через