фото: ixbt.com
Ресей президенті Владимир Путин мұны революциялық жаңалық деп бағалады
Ресей 2030 жылға қарай тұйық отын циклі бар әлемдегі алғашқы атом энергетикалық жүйесін іске қосады, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Бұл ресейлік ғалымдар мен инженерлердің революциялық жаңалығы болады. Бұл механизм уранмен қамтамасыз ету мәселесін шешеді", - деді Путин Мәскеудегі "Дүниежүзілік атом апталығы" форумында.
Бұл пайдаланылған отынның 95%-і реакторларда бірнеше рет қайта пайдаланылатынын білдіреді.
Оның айтуынша, уран ресурсы 2090 жылға қарай таусылады, бұл іс жүзінде 2060-шы жылдардың басында болуы мүмкін.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через