Маңғыстаудағы битум зауытынан өрт шықты

Маңғыстаудағы битум зауытынан өрт шықты
фото: https://pixabay.com/ru/

Зардап шеккендер жоқ

Ақтаудағы "Caspi Bitum" ЖШС зауытында өрт шықты.

Оқиға 6 қыркүйек таңертең болған. Өрт атмосфералық колоннаға жеткізуші құбырдан шыққан.

"Өрт туралы шақырту сағат 08:05-те келді. Сағат 08:32-де өрт ошағы кәсіпорынның стационарлық өрт сөндіру жүйесі арқылы толығымен сөндірілді. Сондай-ақ өртті өшіруге "Семсер-Өрт Сөндіруші" ЖШС және төтенше жағдайлар департаментінің қалалық өрт сөндіру қызметі қатысты", - дейді төтенше жағдайлар департаменті.

Компанияның хабарлауынша, өрт тез арада сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Кәсіпорынның өндірістік процесіне кедергі болмаған.

ҚазАқпарат