фото: pixabay.com
Жол қозғалысы ережесін бұзғаны туралы жалған қаулысы бар хаттардан сақ болыңыз!
Бас прокуратура интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын айтып, халыққа ескерту жасады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әккілер электрондық поштаға және мессенджерлерге жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы жалған құжат жібереді. Онда жүргізушілердің деректері, көлік нөмірлері және «айыппұлды төлеу» сілтемесі көрсетіледі. Шын мәнінде, бұл — фишингтік шабуыл, сілтемеге өтпеңіздер дейді, - мамандар.
Алаяқтар шоттағы ақшаны жымқырып қана қоймай, жеке деректерді де ұрлауы мүмкін. Ведомство ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 нөмірінен келетінін және онда ешқандай төлем сілтемелері болмайтынын еске салды.
Айыппұлдар туралы ақпарат eGov порталы мен банктердің мобильді қосымшалары арқылы беріледі. Құзырлы органның дерегінше, алаяқтықтың аталған түрі қазір Ресей мен АҚШ-та белең алған. Сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда да таралу қаупі жоғары.
Есте сақтаңыз!
Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелері көрсетілмейді. Салынған айыппұлдар туралы ақпаратты egov.kz арқылы көре аласыздар. Ол банктердің мобильді қосымшаларында да көрсетіледі.
"Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса, сілтемеге өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді!" - делінген хабарламада.
Не істеу керек?
- сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;
- айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеріңіз.
Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген болсаңыз:
- банк картасын шұғыл бұғаттаңыз;
- ықтимал алаяқтық дерегі туралы банкке және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз;
- құрылғыны вирустың бар-жоғына тексеріңіз.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через