фото: https://pixabay.com/ru/
Құжат мәтіні алдағы екі апта ішінде жарияланады деп жоспарланып отыр
"Қазір G7 шенеуніктері жаңа санкциялар пакетін әзірлеп жатыр және мәтін алдағы екі апта ішінде жарияланады деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Ресей Батыстың Ресейге бірнеше жыл бұрын жасап бастаған және одан әрі күшейіп келе жатқан санкциялық қысымына елдің төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеген.
Сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мәселесі Мәскеудің әрекетіне байланысты болатынын айтты. Дегенмен ол Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізудің тиімділігіне күмән келтірген болатын.
Батыс елдерінің өзінде Ресейге қарсы санкциялардың тиімсіз екендігі туралы пікірлер бірнеше рет айтылды. Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін Ресейді тежеу және әлсірету саясаты Батыстың ұзақ мерзімді стратегиясы екенін және санкциялардың бүкіл әлемдік экономикаға ауыр соққы бергенін мәлімдеген.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через