ChatGPT-дің балаларға арналған нұсқасы әзірленіп жатыр

ChatGPT-дің балаларға арналған нұсқасы әзірленіп жатыр
фото: pixabay.com

OpenAI компаниясы ChatGPT нейрожүйесінің балаларға арналған арнайы нұсқасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Егер жүйе қолданушының жасын нақты анықтай алмаса, автоматты түрде жасөспірімдерге арналған бетке ауысады.  Ата-аналар баланың аккаунтын бақылап, пайдалану уақытын шектей алады. 

Сондай-ақ, жүйе жасөспірімнің психологиялық күйзелісін байқаса, қамқоршысына дереу хабар береді. Бұл қадамдар балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Себебі ғаламтордағы ең үлкен қатердің бірі – кибербуллинг.  

Жыл сайын әлеуметтік желілерде қысымға ұшырайтын балалардың саны артып келеді. Жалпы АҚШ мектептерінің 15%-ы аптасына кемінде бір рет кибербуллинг шағымын тіркейді. 2023 жылғы деректерге сүйенсек, жасөспірімдерінің 26,5%-ы ғаламторда қорлауға тап болған. Зардап шеккендердің ішінде қыз балалардың үлесі көбірек. Сондай-ақ жәбірленушілердің 19,2%-ы кибербуллинг салдарынан мектепке бармаған. 

– АҚШ мектептерінің 15%-ы аптасына кемінде бір рет кибербуллинг шағымын тіркейді. 

– 2023 жылы АҚШ жасөспірімдерінің 26,5%-ы кибербуллингке тап болған. 

– Қыздар ұлдарға қарағанда жиі зардап шегеді: Қыздар – 59,2%, Ұлдар – 49,5%. 

– Жәбірленушілердің 19,2%-ы ғаламтордағы буллинг салдарынан мектепке бармаған. 

Дереккөз: brightpath.com