фото: Фото интернеттен
ТикТок әлеуметтік желісінде ресейлік медиум Катя Капельникова таяуда қайтыс болатын адамның өзіне тән ерекше белгілері туралы жазба жариялады.
Медиумның пайымынша, жақын арада бұл дүниеден кетіп қалатын адамда бірнеше түрлі белгілер байқалады екен.
1."Егер науқас кісі болса, ажалы жақын кісі кенеттен өзін жеңіл сезініп, төсекте жатса, аяққа тұрып, қарбыта тамақ жеп, ауруынан сауығып жатқандай көрінеді.
Терісі әрленіп, тіпті әжімдері де тартылып, ажарлана түсетіндер бар.
2. Күтпеген жерден адамның барлық сөзі өткен шақпен сөйленіп, өткен өміріне шолу жасай бастайды. Ең жақын адамдары туралы әр сөзінде қайталап айту болады.
3. Мұнан кейінгі саты адамның бүкіл жақындарынан ойша алыстауы басталады. Туыстарының ішінде отырса да, ол адам өз ойымен өте алыста қалықтап ұщып, жүргендей болады. Ол адамға алдағы уақытта болатын дүниелердің ешбірі қызық болмайды. Болашақ туралы сөз қозғамайды.
4. Сөз қолданысы өзгере бастайды. "Көріскенше" деудің орнына, "үлгердім", "тамақтанайық" деудің орнына "енді қажеті бола қоймас", "бұйыра қоймас", "бола қоймас" сынды сөздерді жиі қолдана бастайды. Себебі рух айналасындағыларды ауыр жағдайға ақырын дайындауды бастайды.
5. Ажалдың жақындауының ең соңғы сатысы, адам өз өзімен оңашада терең ойға батып, кез келген нәрсеге күлімдей қарап, жақындарына ұзақ қарай бастайды. Айналадағы күллі әлемге бос назар салып, жаңа бір әлемге кететін секілді, өзін бұл өмірде бөтен біреу секілді ұстай бастайды" дейді медиум.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через