фото: pixabay.com
Алтын өте сенімді және сұранысқа ие актив болып табылады. Оған инвестиция салу оңай және мұны істеудің көптеген жолдары бар, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Алтын кез келген экономикалық жағдайда, әсіресе дағдарыс кезінде ең танымал инвестициялардың бірі болды және болып қала бермек. Бұл инвесторлардың ақшасын құнсызданудан, инфляциядан және нарықтың құлдырауынан сақтайтын қорғаныс активі.
2025 жылы алтынның бағасы бір унция үшін 3,1 мың доллар белгісінен асып, өзінің тарихи максимумын жаңартты. Осылай, қымбат метал биылғы жылы ең тиімді негізгі тауарлардың біріне айналды. Жыл басынан бері алтын 15 пайызға дерлік, ал соңғы 12 айда 38 пайызға қымбаттады.
Бүгінгі таңда, оның әлемдік нарықтағы бағасы рекордтық деңгейге көтеріліп, 3550 долларға жетті. Оның қымбаттауына АҚШ долларының біршама әлсіреуі мен Федералдық резервтің пайыздық мөлшерлемені қыркүйекте төмендететіні жайлы пайымдар себеп.

Фото: pixabay.com.
Жалпы алғанда жыл басынан бері алтын нарқы 33 пайызға өскен. Кейбір сарапшылардың пікірінше, Құрама Штаттардың орталық банкі пайыздық үстемені қайта-қайта түсіре беретін болса, жыл соңында бұл құнды металлдың унциясы 3600 долларға сатылуы мүмкін. Сонымен қатар Украина мен Ресей бейбіт келісімге қол қоймаса, алтын тіпті қымбаттайды деген болжам бар.
Егер сіз осынау қымбат металға ие болғыңыз келсе, онда сіз алтын құймаларын сатып ала аласыз.
Банктерде – бұл жағдайда валюталардағы сияқты, әрбір банктің алтынды сатып алу және сатудың өзіндік бағамы болады. Салмағы 1 г-ден 1 кг-ға дейінгі өлшенген штангалар сатылымға шығарылады, олардың техникалық сипаттамалары мен стандарттары мемлекетпен бекітілген.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через