Алматыда екі компанияның құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды

Алматыда екі компанияның құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Алматыда Бостандық ауданы тұрғындарының арызынан кейін екі компанияның құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды.

Розыбакиев – Катаев-Радостовец көшелерінің алаңында "CAMH Realty" және "ВЕК-Тұмар" компаниялары құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізген. Бұл аумақта мектеп те салынады. Ал оған қажетті жер учаскесінің шекаралары нақтыланбады.

"Тұрғындармен, сондай-ақ "CAMH Realty" компаниялары мен "ВЕК-Тұмар" ЖШС өкілдерімен кездесудің нәтижесі бойынша сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалық құжаттамаға қажетті түзетулер енгізгенге дейін құрылысты тоқтата тұру және шекараларды нақтылау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.

Алдағы уақытта шешімдер қала тұрғындарының мүдделері мен қолданыстағы заңнаманың талабын ескере отырып қабылданатын болады.

Алматы әкімдігі бұл мәселені бақылауға ұстауға мүдделі.

ҚазАқпарат