фото: pixabay.com
Дубай 2025 жылғы қарашада тағы бір әлемдік рекордты жаңартпақ. Қалада биіктігі 377 метр болатын әлемдегі ең биік қонақүй есігін айқара ашады, деп хабарлайды Time Out Dubai.
82 қабатты нысан Dubai Marina ауданында орналасқан. Ол қазіргі рекорд иегері — биіктігі 356 метрлік Gevora қонақүйін алмастырады.
Жаңа қонақүйде 1004 нөмір және шатырда пейзажды бассейн қарастырылған.
Фото: Time out Dubai
Сонымен қатар нысан Гиннестің рекордтар кітабына енуге ниетті. Ең биік пейзажды бассейн мен ең биік түнгі клуб аталымдарына өтінім берілген.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через