фото: pixabay.com
Жазғы маусым – балалар үшін демалыс пен ойын-сауықтың уақыты. Алайда дәл осы кезеңде Коксаки мен энтеровирус сияқты жұқпалы аурулар да өршиді. Олар балалар арасында тез таралып, денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
№1. Коксаки мен энтеровирус дегеніміз не?
Энтеровирустар – асқазан-ішек жолы арқылы жұғатын вирустар тобы. Олардың ішіндегі ең танымалдарының бірі – Коксаки вирусы. Бұл вирус көбіне 1 жастан 10 жасқа дейінгі балалар арасында кездеседі. Көп жағдайда ауру жеңіл өтеді, бірақ кейде асқынып, медициналық көмек қажет болуы мүмкін.
№2. Аурудың белгілері қандай?
Педиатрлар бұл вирустардың бірнеше ортақ белгілерін атап өтеді. Ата-аналар келесі белгілерге назар аударуы тиіс:
- 38-39°C дейін қызу көтерілуі;
- Тамақтың ауруы, жұтынудың қиындауы;
- Ауыздың ішінде кішкентай жаралар мен күлбіреулер пайда болуы мүмкін;
- Алақан, табан, ауыз айналасы, кейде денеге қызғылт бөртпелер шығады;
- Іш өту, жүрек айну, құсу;
- Бала әлсіз болып, ұйқышылданады, басы ауруы мүмкін;
- Бұлшық еттердің ауруы, кейде бала жүргісі келмеуі мүмкін. Әдетте 24-72 сағатта кетеді;
- Кейде суық тию мен менингит белгілері болуы мүмкін;
Кейде аталған белгілердің тек біреуі ғана болуы мүмкін. Соған қарамастан, дәрігерге жүгіну қажет. Ол баланың жағдайына байланысты медициналық кеңес береді.
Материал Informburo.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через