фото: ntv.com.tr
10 тамыз күні кешке Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир елді мекенінде магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының мәліметінше, жерасты дүмпуі сағат 19:53 шамасында тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі 11 шақырым тереңдікте, Сындыргы ауданында болды. Жерасты дүмпуі Измир, Кютахья, Ялова, Ыстамбұл, Маниса, Ушак, Айдын, Эскишехир, Сакарья және Текирдаг қалаларында да сезілді. Салдарынан Сындыргыда бір ғимарат қирады.
Ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, екі адам құтқарылып, тағы екеуі үйінді астынан шығарылып жатыр.
“Негізгі дүмпуден кейін өңірде магнитудасы 4,6; 4,1 және 4,0 болатын үш афтершок тіркелді. Олардың ошақтары 6,78–16,07 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі Ыстамбұлда да сезіліп, көптеген тұрғын үйлерін тастап, саябақтар мен ашық алаңдарға жиналған”, – деп жазды басылым.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желілерде зардап шеккендерге қолдау білдіріп, жер сілкінісінен кейін алғашқы минуттардан бастап барлық тиісті қызметтер жұмысқа кіріскенін хабарлады.
https://stan.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через