фото: pixabay.com
Telegram және TikTok-та көптеген пайдаланушылар жарнамадан, серіктестік бағдарламалардан және өз өнімдерін сатудан ақша табады, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.
Бүгінгі күні TikTok күн сайын танымал болып келеді. Сервис ойын-сауық мазмұнын ұсынатын платформа ғана емес, сонымен қатар ақша табу алаңына айналыып барады.
Танымал бола алған TikToker айына бірнеше мың доллар, жаңадан бастағандар бірнеше мың теңге алады.
Сондықтан үкімет талабы бойынша, YouTube және TikTok компаниялары елімізде осы платформалар арқылы пайда табатындар туралы есеп беретін болды.
Алайда блогерлер тапқан табысының мөлшерін өздері декларацияда көрсетіп, салығын төлеуге тиісті. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте айтылды, деп жазды 24kz.
Telegram, TikTok арқылы ақылы трансляция өткізіп, пайда көретіндер де салық төлеуге міндеттеледі, деді Қаржы министрі Мәди Тәкиев.
Бұған дейін Қаржы министрлігі жеті жүзден астам блогерге салық төлеу туралы хабарлама жіберген. Бүгінгі таңда 360-сы жеке табыс салығын төледі.

Фото: pixabay.com
TikTok-та ең танымал кім?
TikTok платформасындағы ең танымал адам - 162 миллионнан астам тіркелушісі бар Хаби Ламе. Ол 2022 жылдың 22 маусымында бұрынғы ең танымал аккаунт Чарли Д'Амелиодан асып түсті. Xabi Lame - ең танымал TikToker.
TikTok-та қалай ақша табуға болады?
TikTok әрбір 1000 көру үшін $0,02 және $0,04 аралығында төлейді. Дегенмен, егер сіз брендтік мәмілелер мен серіктестіктерді біріктірсеңіз, қатысуыңызға байланысты бір демеушілік хабарлама үшін 500 доллардан 1000 долларға дейін табуға болады, делінген мақалада.
Қазақстандағы ең танымал TikToker кім?
google.com дерегіне сүйенсек, Алина Ким (2003 жылы 30 қаңтарда туған, Алматы) — қазақстандық блогер (ТикТокер) және актриса. Ол жазылушылардың саны бойынша ТМД елдеріндегі ең танымал ТикТокер (2023 жылы 50,7 миллион) және әлемдегі ең танымал 30 ТикТокердің қатарына кіреді екен.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через