фото: Қазақстан жаңалықтары
Оқшаулау жұмыстары кезінде автомұнара аударылып кеткен
Шымкент мұнай зауытында екі жұмысшы автомұнарадан құлап, оқиға орнында көз жұмды.
"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" компаниясы ұсынған мәліметке сәйкес, жазатайым оқиға 26 тамызда түстен кейін болған. Оқшаулау жұмыстары кезінде автомұнара аударылып кеткен. Соның салдарынан екі адам мерт болды.
"Бұл жұмыстарға "КРС Астана" ЖШС тартылған болатын. Қайтыс болған екі оқшаулаушы да сол компанияда жұмыс істеген. Қазіргі арнайы жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - дейді компания мамандары.
Айта кетері, биыл ақпан айында Шымкент мұнай зауытында гидротазарту қондырғысын жөндеуге байланысты дизель отынын өндіру тоқтатылған болатын.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через