фото: gov.kz
Қазақстанда алғашқы АЭС-ке атау беру үшін жалпыхалықтық конкурс ұйымдастырылады.
Жаңа станция Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады.
Осы жылдың 29 тамызына дейін конкурстың ережесі мен тәртібі дайындалады.
Арнайы комиссия құрамына қоғам өкілдері, тарихшы, филолог, атом энергетикасы және креатив саласының мамандары кіреді.
Халықтан ұсыныстар қабылданып, үздік атау таңдалады. Агенттік БАҚ пен ресми арналар арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через