Қазақстан – Азияны біріктіретін музыкалық көпір

Қазақстан – Азияны біріктіретін музыкалық көпір
фото: hcvepr.ru

       Қараша айында Астанада алғаш рет Азия елдері арасында халықаралық «Silk Way Star» музыкалық байқауы өтпек. Жобаға 12 мемлекеттен іріктелген үздік орындаушылар қатысады.

       Байқау Қазақстан Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Жобаның басты ерекшелігі – мәдени алмасу алаңы. Шетелдік әншілер қазақтың халық әндері мен композиторларының шығармаларын өз тілдерінде шырқап, қазақстандық жұлдыздармен дуэт айтады.

       Қазақстан намысын Alem (Батырхан Мәлік) қорғайды. Әр елден бір-бірден келген кәсіби мамандардан құралған 12 қазылар алқасы өнерпаздарды бағалайды.