фото: https://www.google.com/url krasnoyarsk.bezformata.com
Қазақстандық ер адам пойызбен сапар кезінде үнемі үлкен кісілерге төменгі орнын босатуға мәжбүр болатынын айтып шағымданды. Шешім ретінде ол билеттерді сату кезінде жоғарғы сөрелерге жас шектеуін енгізуді ұсынды, осылайша мұндай орындар қарт адамдарға ұсынылмайтынын айтты. Бұл ұсыныс кеңінен талқыланып, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас туғызды, тіпті кейбіреулер өз ұсыныстарын да білдірді.
Шағым
Қазақстандық редакцияға хабарласып, пойыздардағы жағдайға шағымданды. Оның айтуынша, алдын ала төменгі орынға билет сатып алған күннің өзінде қарт жолаушыларға жиі орын беруге мәжбүр болады. Ол мұндай жағдайларда жолсеріктер әдетте араласпайтынын айтты.
"Сонда неге ҚТЖ-ға жоғарғы орындарға билет сатуда жас шектеуін енгізуді қарастырмасқа, сонда осындай жанжалдардың алдын алуға болар еді ғой?" – деп жазды ол өтінішінде.
Компания жауабы
Біз бұл жағдайға байланысты "Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметінен пікір сұрадық.
"Орын сатуда жас шектеулері қарастырылмаған – мұндай тәжірибе Қазақстанда да, дүниежүзілік теміржол саласында да жоқ. Вагондағы барлық орын тең дәрежеде және әр жолаушы өзі таңдаған әрі ақысын төлеген орынды алуға құқылы", – деп жауап берді компания.
"Жолаушылар тасымалы" компаниясының баспасөз қызметінен төменгі орындарды қымбаттатуды қарастыру мүмкіндігі жайлы былай деп жауап берген:
"Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдау ережелеріне өзгерістерді Көлік министрлігі бекітеді және енгізеді. Компания қолданыстағы нормаларды орындайды және өз бетінше ережелерді немесе тарифтерді өзгерте алмайды", – деп жауап берді компания.
Сондықтан төменгі орындардың құнын көтеру әзірге қарастырылмайды. Жолаушыларға билеттерді алдын ала сатып алып, өздері үшін ең қолайлы орынды таңдауға кеңес берілді.
https://kaz.tengrinews.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через