Оңтүстік Қазақстанда жеміс-жидек зауыты пайдалануға берілді

Оңтүстік Қазақстанда жеміс-жидек зауыты пайдалануға берілді
фото: https://pixabay.com/ru/

Өнімдер белсенді түрде экспортталады – жеткізу географиясы ЕО, Азия аймағы және ТМД елдерінің жетекші нарықтарын қамтиды

"FRUIT ART" ЖШС Қазақстанның Алматы облысында жеміс-жидек зауытының құрылысына 50 млрд теңге инвестициялады, деп хабарлайды "АПК Новости" ақпарат агенттігі.

Зауыттың өндірістік қуаты – жылына 15 мың тонна өнім. Бүгінгі күні жоба аяқталып, жоспарланған технологиялық қуатына жетіп отыр.

Нысан тез тоңазытуға арналған озық қондырғылармен, жалпы сыйымдылығы үш мың тонналық қоймалармен және атмосфералық бақылау жүйесі бар сыйымдылығы 15 мың тонналық мамандандырылған жеміс сақтау қоймасымен жабдықталған.

Сондай-ақ, бес гектардан астам аумақты алып жатқан жыл бойына құлпынай өсіруге арналған жоғары технологиялық жылыжай кешені табысты жұмыс істеп тұр.

Өнімдер белсенді түрде экспортталады – жеткізу географиясы ЕО, Азия аймағы және ТМД елдерінің жетекші нарықтарын қамтиды.

ҚазАқпарат