фото: https://pixabay.com/ru/
Жасөспірім жағадан 500 метр жерде суға батқан
Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
"Жүзуге арналмаған аймақта 17 жасар бала құтқару кеудешесінсіз қайықтан суға секіріп, батып кетті", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жасалып жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қайықтың иесіне қатысты іс қозғалды.
"32 жастағы қайық иесіне қатысты "қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды", - дейді полиция.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через