фото: pixabay.com
Қостанай сотында азаматтық іс қаралап жатыр. Жергілікті әйел ауруханада көз жұмған сәбиі үшін 40 млн теңге моральдық шығын өтеуді талап етіп отыр. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қайғылы жағдай 2024 жылдың шілдесінде болған. Үш жастағы бала магнит шариктерді жұтып қойып, Қостанай қалалық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер баланың денесінен операция арқылы 7 бөгде затты алып тастаған. Ал қалғандары мамандардың сөзінше, табиғи жолмен шығуы керек болатын. Кейінірек магниттер ешқайда жылжымағаны анықталған. Осыған байланысты балаға қайта операция жасалған.
Бұл кезде баланың асқазанына зақым келген. Операция жасалып, магниттің алынып тасталғанынан қарамастан сәбидің жүрегі тоқтап қалған.
Осы оқиғағаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ қосымша сараптама тағайындалды.
Отбасының адвокаты Дамир Хамитовтың айтуынша, баланың анасы Қостанай қалалық сотына шағым түсіріп, 3 млн теңге материалдық, 40 млн теңге моральдық шығынды өтеуді талап етіп отыр.
Облыстық сот өкілдері азаматтық іс қаралып жатқанын, тыңдаулар болатынын растаған.
Айта кетсек, бүгін Үкімет отырысы өтеді. Онда Министрлер кабинетінің мүшелері ана мен бала өлімін азайту бағытында қабылданып жатқан шараларды талқылайды.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде ана мен бала өлім-жітімін төмендетуге бағытталған шаралар жайына тоқталады. Қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы ана өлімі - 12, бала өлімі - 11, ал осы жылдың алты айында ана өлімі - 10, бала өлімі 26 пайызға төмендегенін айтады.
Сонымен қатар министр ана мен бала өлімін төмендетуге бағытталған шараларға тоқталып, ерекше мән берілетін мәселелерді атайды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через