фото: pixabay.com
Америка Құрама Штаттары шетелде білім алудың жетекші бағыты болып отыр, бұл елдегі халықаралық студенттердің санынан байқалады, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.
Open Doors мәліметтері бойынша 2023-24 оқу жылында Америка колледждері мен университеттерінде 1 126 690 халықаралық студент болған. Бұл АҚШ студенттерінің жалпы санының 5,9% тең.
Айта кетсек, 2023-2024 оқу жылында «Болашақ» стипендиясы бойынша 488 қазақстандық АҚШ-та білім алған.
Шетелдік студенттер көбіне білімнің жоғары сапасы, американдық дәреженің беделі және оқуды аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігі сияқты бірнеше себептерге байланысты Америка Құрама Штаттарында оқуды таңдайды.

Фото: pixabay.com.
Американдық университеттер 1 миллиард доллар кірісінен айырылуы мүмкін. Өйткені шетелдік студенттердің саны қысқарғалы жатыр. Бұл туралы Financial Times хабарлады.
Басылымның жазуынша, АҚШ-тағы жоғары оқу орындарының шамамен 75 пайызы биыл шетелден өтінім берушілер күрт азаяды деп қауіптенеді.
Трамп әкімшілігі іске кіріскелі түлектердің әлеуметтік желідегі парақшаларын тексеру енгізілді. Виза рәсімдеу мерзімі ұзартылып, өтінімдер бұрынғыдай жылдам қарастырылмайтын болды.
Мұндай қысым әсіресе Қытай, Үндістан және Нигериядан тапсырған студенттерге көбейген, деп жазды 24 kz.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через