Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей ұшуға болады

Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей ұшуға болады
фото: Ингосстрах

Көлік министрлігі 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы теміржол және азаматтық авиация салаларындағы тасымал деректерін ұсынды.

Теміржол қатынасы

Бүгінде елімізде жолаушыларды тасымалдау бойынша 154 теміржол маршруты қызмет көрсетеді. Оның ішінде:

112 маршрутты – "Жолаушылар тасымалы" АҚ орындайды;

30 маршрут – жекеменшік тасымалдаушыларға тиесілі;

12 маршрут – халықаралық бағыттарда жұмыс істейді.

Жыл басынан бері теміржол көлігімен 9,5 миллион жолаушы тасымалданған. Сонымен қатар, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін вагондар паркін жаңарту жалғасуда – 2025 жылдың алғашқы алты айында 60-қа жуық жаңа вагон сатып алынды.

Әуе қатынасы

Азаматтық авиация саласында ішкі және халықаралық бағыттар саны артып келеді. Қазіргі уақытта:

Ішкі бағыттар бойынша аптасына 849 рейс 61 маршрутпен орындалады;

Халықаралық бағыттар бойынша аптасына 842 рейс 144 маршрут арқылы жүзеге асады.

Бүгінде Қазақстаннан әлемнің 31 еліне тікелей әуе қатынасы бар. Халықаралық рейстер келесі елдерге қатынайды:

ТМД және жақын шет елдер: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Әзірбайжан;

Еуропа: Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Черногория;

Таяу Шығыс: Түркия, БАӘ, Катар, Иран, Мысыр, Кувейт, Бахрейн, Оман;

Азия: Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Тайланд, Малайзия, Моңғолия, Мальдив аралдары.

2025 жылдың алғашқы алты айында әуе көлігімен 7,2 миллион жолаушы сапарлаған.

ҚазАқпарат